• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 04 Мамыр, 2020

Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

308 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланды.

- Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Н. Назарбаева туралы» 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін, - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.