Шахматтан жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған «Magnus Carlsen Invitational» онлайн-турнирі өз мәресіне жетті.
Кіл мықтылар шеберлік байқасқан жарыста әйгілі Магнус Карлсенге тең келер ешкім табылмады. Әлем чемпионы деген атағы бар 29 жастағы Норвегияның мақтанышы финалдық бәсекеде Хикару Накамурадан айласын асырды. Есеп – 2,5:1,5.
Сондай-ақ айтулы онлайн-турнирде ресейлік Ян Непомнящий, ирандық Әлиреза Фируджа, нидерландтық Аниш Гири, қытайлық Лижэнь Дин, америкалық Фабиано Каруана және франциялық Максим Вашье-Лаграв сынды шахматшылар бақ сынаған еді.