Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 213 адам анықталды.
Шымкент