Елдегі төтенше жағдай езінде «КазХром» мекемесінің мамандары қысқа мерзімде №4 балқыту цехының №43 пешіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп шықты. Бұл жағымды жәйт ферро хром өндіру ісінде жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал етпек. Маңызды жобаны алғашқыда Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мердігер компанияларға жүктеу белгіленген екен. Алайда Covid-19 пандемиясына байланысты мердігер компания жұмысты бастай алмайтындығын мәлімдеген.
-Ақтөбе ферро қорытпа зауытында бұрын соңды мұндай ауқымды жұмыстарды өз күшімізбен орындап көрмеген едік. Бірақ төтенше жағдай шарттары бізге ерекше сын болды. Бастапқыда біз белгілеген мерзімге ешкім сенбеді. Жұмысты орындау үшін біз бұрын осындай тәжірибе жинақтаған Ақсу қаласындағы филиалымыздан жөндеу қызметі мамандарын шақырттық. Өңір башсысының қолдауының арқасында олар Ақтөбеге кіретін блок бекеттерден еш кедергесіз өтті. Бұл бізге маңызды жобаның уақытында жүзеге асыруға мүмкіндік берді деді egemen.kz тілшісіне КазХром ТҰК АҚ Президенті Арман Есенжолов.
Нәтижесінде жөндеу жұмыстарын әлемдік компанияның талап еткен мерзімінен бұрын, яғни 65 тәуілікке жоспарланған жұмыстар 54 тәуілікте аяқталды. Жоба құны 7 миллиард теңгеден асып түседі.
Бүгінгі таңда зауытта жұмыстың елесі кезеңі – америкалық «HotWork» компаниясы жүзеге асыратын пешті қыздыру жұмысы басталды. Күрделі жөндеуге дейін №43 пеш 40-50 мегават қуатпен жұмыс істеді. Ауқымды жұмыстардың тиянақты іске асуының нәтижесінде пеш қуатын 2020 жылдың екінші жарты жылдығында 65-70 мегаватқа дейін жеткізуге мүмкіндік туып отыр.