• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Венесуэла президенті Америкаға наразылық білдірді

375 рет
көрсетілді

Венесуэла президенті Николас Мадуро БҰҰ Бас Ассамблеясына бармақ болған өз әкімшілігінің жетекшісі Вильмер Баррьентосқа АҚШ билігі тарапынан виза берілмеуіне наразылық білдірді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Біз АҚШ-қа саяхатшы ретінде бармаймыз, Венесуэла делегациясы ірі халықаралық ұйымның жұмысына қатыспақшы, – деді Николас Мадуро. Сонымен бірге, ол АҚШ-тың Баррьентосқа виза беру мәселесін шешпеген жағдайда, Венесуэла тарапынан дипломатиялық үлгіде қатаң шаралар қолданылатынын алға тартты.

Бүгін Венесуэла сыртқы істер министрі Николас Мадуроның ұшағына Пуэрто-Рико мемлекетінің әуе кеңістігінен ұшып өтуіне АҚШ-тың тиым салғанын мәлімдеді. «Пуэрто-Рико АҚШ-қа тәуелді аймақ, алайда ол Американың ажырамас бөлігіне жатпайды», – деді сыртқы істер министрі. Ол сондай-ақ бұл әрекетті АҚШ тарапынан көрсетіліп отырған «агрессия» деп есептейтінін айтты.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар