• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Үкімет 04 Мамыр, 2020

Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді

109 рет
көрсетілді

Биылғы 29 сәуірден 4 мамыр аралығында Премьер-Министр Асқар Мамин құрылыс саласын, азаматтық авиацияны, өңдеу секторын, агроөнеркәсіптік және көлік кешенін, шағын және орта бизнесті, сауда мен туризмді дамыту және қолдау мәселелері жөнінде кеңестер өткізді.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты. 

Кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерін салықтық ынталандыру, несиелендіру мәселелері, отандық тауар өндірушілерді қорғау, реттелетін сатып алулар құралдары, экспортқа бағытталған, ең алдымен, орта және жоғары бөліністегі өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды қолдау, рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және т. б. шаралар егжей-тегжейлі қаралды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанның экономикалық өсімін қалпын келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу кезінде экономика салаларын қолдау бойынша әзірленген тәсілдерді ескеруді тапсырды.

 

 

Соңғы жаңалықтар