Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм парақшасы арқылы мәлім етті.
«Бүгін коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткіздім. Отырыс барысында 2020 жылдың 4 мамырынан бастап шектеу шараларын жеңілдету мәселе қаралып, келесі нысандарға жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды:
Шаштараз (тек алдын ала жазылу бойынша); Автосалондар, гүл павильондары, фотосалондар, фотоателье, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, тұрмыстық және ұйымдастыру техникасын жөндеу шеберханалары; Ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер (сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін); Тұрмыстық техника дүкендері; Оптика дүкендері; Медициналық орталықтар, стоматологиялар (алдын ала жазу бойынша); Айырбастау пункттері; Ақпараттық - коммуникациялық технология компаниялары.Сонымен қатар, жұмысқа жеке автокөлікпен барып келуге рұқсат етілді» деді аймақ басшысы.
Қостанай облысы