Бұл жөнінде бүгін аймақ басшысы өткізген жедел штаб отырысында айтылды. Сонымен, 11 мамырдан бастап, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастайтын болды. Тұрғындар енді қызметтің 80%-дан астамын, яғни 559 қызмет түрін «Электрондық үкімет» порталы арқылы алатын болады.
- Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру деңгейін ескере отырып, қалаларда ХҚКО жұмысының жаңа тұжырымдамасы «Омниакалдық» қағидатқа негізделетін болады. Ал ауылдық ХҚКО бұрынғыдай жұмыс істей береді, - деді облыс әкімі.
Енді қалалық мекендердегі ХҚКО-да азаматтар 97 қызмет түрін ғана қағаз түрінде алатын болады. Тағы бір айта кететін жайт, енді 1414 нөміріне хабарласып алдын ала кезек алғаннан кейін немесе egov.kz. порталындағы арнайы сервиске тіркелген соң ғана ХҚО-ға баруға болады. Мұндай болмаған жағдайда азаматтарға қызмет көрсетілмейді.
Тұрмысы төмен әлеуметтік топтар үшін «жеңілдетілген терезе» жұмыс істейді. Мұнда тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерін қағаз жүзінде де электронды түрде де алуға мүмкіндік бар.
Қостанай облысы