Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Францияға жұмыс сапары барысында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесудің басты тақырыбы Қазақстан мен ХКБ арасындағы өзара байланыстар, сол сияқты Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысы мәселелері болды.

Халықаралық көрмелер бюросымен қызметтестіктің стратегиялық сипатына назар аудара отырып, Үкімет басшысы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан тарапынан көрмеге дайындықты сапалы жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда, деді С.Ахметов.
Премьер-Министр В.Лоссерталеске ХКБ-ға үстіміздегі жылдың желтоқсанында ұсынылуға тиіс Тіркеу құжаттарының дайындық сатысында екендігін, сонымен бірге, көрменің архитектуралық эскизіне байқау өткізілгенін хабарлады.
Халықаралық конкурсқа әлемнің түрлі елдерінен 50-ден астам маман қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ЭКСПО көрме кешенінің негізіне айналатын эскиз-идея анықталатын болады, деп атап көрсетті С.Ахметов.
В.Лоссерталес Астанада ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындықтың жоғары деңгейде жүріп жатқанына назар аударып, осы орайдағы Мемлекет басшысының рөлін ерекше атап көрсетті.
Мен таяуда Астанада Қазақстан Президентімен кездестім. Сол жолы Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге дайындық барысының өзінің жеке бақылауында болатындығын атап өтті, деді В.Лоссерталес. Сондай-ақ, ХКБ Бас хатшысы өзінің осы бағытта 20 жылдан астам уақыт қызмет істеп, талай көрмелер өткізгенін, бірақ осы ұйым жұмысындағы өз тарихында бір де бір елдің дәл осылай тез, шұғыл және тиімді жұмыс істегендігін көрмегенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында, В.Лоссерталес Қазақстан тарапына мамандандырылған көрмені өткізуде табыстар тіледі.
Сол сияқты сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы С.Ахметов Францияның іскер топтарының өкілдерімен кездесетін болады.