• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қыркүйек, 2013

Футбол. «Шахтер» бірінші матчында ұтылды

278 рет
көрсетілді

Кеше түнде Грекияның Салоники қаласында жергілікті ПАОК-пен Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші матчын өткізген Қарағандының «Шахтері» ең соңғы минуттарда шешуші доп жіберіп қойып, ұтылып қалды. Есеп – 1:2. Бұл туралы Egemennews.kzтілшісі хабарлады.

ПАОК (Салоники, Грекия) – «Шахтер» (Қарағанды, Қазақстан) 2:1 (0:0).

ПАОК: Санс Овехеро Хакобо, Георгиос Цавелас ( Лино, 65), Мигел Витор, Александрос Циолис, Мирослав Стох, Костин Лазэр (Димитриос Салпингидис, 58), Константинос Кацуранис, Стелиос Кициу, Сотириос Нинис (Звонимир Вукич, 85), Лукас Перес, Стефанос Атанасиадис.

«Шахтер»: Александр Мокин, Андрей Порываев, Евгений Тарасов, Алдин Джидич, Сергей Малый, Александар Симчевич, Гедиминас Вичюс, Рохер Каньяс, Андрей Финонченко (Максат Байжанов, 81), Геворг Казарян, Сергей Хижниченко (Игорь Зенькович, 88).

Голдар: Каньяс (50, пенальти), Атанасиадис (75), Вукич (90+2).

Салоникидің «Тумба» стадионында жанкүйерлердің қатысуынсыз өткен кездесу алаң иелерінің шабуылымен басталды. Кеншілер қақпасы алдындағы бірінші қауіпті сәт 2-минутта-ақ туындап үлгерді. Сол қанаттан қақпа алаңына құйындай ұшып кірген Костин Лазэр допты тоқтатпастан ұрды. Бұл соққының қаупін біздің қақпашы Александр Мокин қайтара білді. Гректер есеп ашудың анық мүмкіндігін ойынның 7-минутында тағы жіберіп алды. Бұл жолы оң қапталдан келген Лукас перес біздің қорғушыларды айналып өтіп, қақпа алаңына жетті. Оның қатты соққысы жолына тағы да Мокин тұра қалды. Дәл осындай жағдай 14-минутта тағы қайталанды. Алғашында қақпашы бұрыштамадан берілген допты ұрған Сотириос Нинистің соққысын алаңның артқы жағына жөнелтті.

Ал «Шахтер» өзінің бірінші гол соғар сәтін 18-минутта туғызды. Геворг Казарян оң қапталдан айып алаңына доп жеткізді. Оған бірінші болып басын төсей қойған Андрей Финонченко қақпа маңдайшасаның үстіңгі жағын көздепті. Төрт минуттан кейін гректер тағы шабуылға шықты. Тағы да шабуылдың өтінен Лазэр табылды. Алайда, оның соққысы Мокиннің уысында кетті.

Кездесудің 25-минутында алаң иелерінің голкипері Сан Хакобоға сондай ерлік жасауға тура келді. Бұл жолфы Гедиминтас Вичюс қапталдан қолымен доп лақтырды. Оны қағып алған Алдин Джидич қақпаға бағыттады. Қонақтар тағы бір қауіпті қарбаласты 38-минутта жасады.

Қарсыластар үзіліске осылай есеп аша алмаған күйлері кетті. Ал 49-минутта гректер өздерінің айып алаңдарына келген Рохер Каньясты қағып құлаты. Пенальти! Оны жәбір көрушінің өзі жүзеге асырды.

Жасыратыны жоқ, қарағандылықтар осыдан кейін ойнамай қойды. Шамасы, осы есеппен матч соңына дейін жетеміз деп ойласа керек. Бірақь олай болмай шықты. Өз алаңында ұтылып қалу қаупі туған гректер енді жанталаса алғаи ұмтылды. Осы ұмтылысты олар екі рет голға айналдыра білді. Бұлардың біірншісін 75-минутта Стефанос Атанасиадистің көмегімен түсірген олар ойынға қосылған екінші минутта жеңісті де біржола тартып әкетті. Оның ретін матч бітуге 5 минут қалғанда алаңнан көрінген Звонимир Вукич келтірді.

Осылайша «Шахтер» қосымша қосылған уақытта жеңіліске ұшырады.

Топтың келесі туры ойындары 3 қазан күні ойналады. Бұл күні қарағандылықтар Израильдің Хайфа қаласының «Маккаби» командасын қабылдайды.

Руслан Игілік.

Турдағы ойындар мынадай нәтижелер әкелді:

А

Санкт-Галлен (Швейцария) – Кубань (Ресей) 2:0

Валенсия (Испания) – Суонси (Англия) 0:3

В

Динамо (Загреб, Хорватия) – Черноморец (Украина) 1:2

ПСВ (Голландия) – Лудогорец (Болгария) 0:2

С

Зальцбург (Австрия) – Эльфсборг (Швеция) 4:0

Стандард (Бельгия) – Эсбьерг (Дания) 1:2

G

Динамо (Киев, Украина) – Генк (Бельгия) 0:1

Тун (Швейцария) – Рапид (Австрия) 1:0

D

Марибор (Словени я) – Рубин (Ресей) 2:5

Зюльте-Варегем (Бельгия) – Уиган (Англия) 0:0

E

Фиорентина (Италия) – Пасуш (Португалия) 3:0

Пандурий (Румыния) – Днепр (Украина) 0:1

F

Айнтрахт (Франкфурт, Германия) – Бордо (Франция) 3:0

Маккаби (Тель-Авив, Израиль) – АПОЭЛ (Грекия) 0:0

H

Фрайбург (Германия) – Слован (Чехия) 2:2

Эшторил (Португалия) – Севилья (Испания) 1:2

I

Бетис (Испания) – Лион (Франция) 0:0

Витория (Португалия) – Риека (Хорватия) 4:0

J

Лацио (Италия) – Легия (Польша) 1:0

Аполлон (Кипр) – Трабзонспор (Түркия) 1:2

K

Шериф (Молдова) – Анжи (Ресей) 0:0

Тоттенхэм (Англия) – Тромсе (Норвегия) 3:0

L

ПАОК (Грекия) – Шахтер (Қазақстан) 2:1

Маккаби (Хайфа, Израиль) – АЗ (Голландия) 0:1

Соңғы жаңалықтар