• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2020

Antidolg.kz стартапы 4 мыңнан астам кеңес берген

211 рет
көрсетілді

Қазақстанда төтенше жағдай режімі енгізілген сәттен бастап отандық стартап-жобасы Antidolg.kz қазақстандықтарға заң кеңесін көрсетуге шешім қабылдады.

Осы кезеңде жоба командасы 42 500 әлеуметтік жәрдемақы алу, шоттардан тыйым салуды доғару, сондай-ақ үйде отырып, банк шотын ашу мәселелері бойынша тегін 4000-нан астам кеңес берді.

Команда сондай-ақ өз клиенттеріне кредиттік, микрокредиттік және ломбардтық қарыздар бойынша мерзімін кейінге қалдыруға өтініш жазуға көмектесті.

Жобаның басты мақсаты-микроқаржылық ұйымдардың жоғары пайыздарынан зардап шеккен борышкерлердің құқықтарын қорғау. Сервис іске қосылған сәттен бастап команда Antidolg.kz 1500-ден астам клиенттерге көмектесті және микроқаржылық ұйымдар беретін қарыздар бойынша үлкен пайыздардың құрбаны болған барлық азаматтарға 400 миллион теңге үнемдеді.