• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

100 футбол алаңы қазақ футболының 100 жылдығына арналады

523 рет
көрсетілді

Биыл Қазақстан футболына – 100 жыл. 1913 жылдары Семей қаласында «ССК», «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» атты алғашқы қазақстандық командалар құрылды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір арасындағы ірі сауда орталығына саналған Семейге ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады.

 Қазақстан футболы-100

Биыл Қазақстан футболына – 100 жыл. 1913 жылдары Семей қаласында «ССК», «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» атты алғашқы қазақстандық командалар құрылды. Кейбір деректерде аяқ доп ойынын Орталық Азия мен Сібір арасындағы ірі сауда орталығына саналған Семейге ағылшын саудагерлері алып келгені айтылады.

«Ярыш» футбол клубының сапында заңғар жазушы Мұхтар Әуезов те өнер көрсеткені мәлім. Осыдан төрт жыл бұрын Мұхаңның Бөрілідегі туған ошағы, бүгінгі мұражай-үйіне арнайы барғанымызда, заңғар жазушының «Ярыш» сапындағы футболшылармен бірге түскен құнды тарихи фотосуретін көрудің сәті түскен. Жас Мұхтар «Ярышта» жартылай қорғаушы болып ойнаған екен. Жазушымен бірге Ахметсәлім Кәрімов (капитан), Қасымхан Мұхаммедов, Салах Хисматуллин, Зиятдин Рыспаев, Мұхаммед Сайдашев, Юнус Нығматуллин, Әміржан Сыздықов, Ғабдулхан Ғаббасов, Мұхамедулла Құрманов, Гусман Ямбушев, Сабыржан Ахмедшин секілді жеткіншектер ойнаған.

Семейлік футбол жылнамашысы Евгений Один «Ярыштың» халықаралық бәсекеге қатысқан алғашқы команда екендігін айтады. Яғни бірінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарынан жасақталған командамен өткен кездесуде «Ярыш» командасы ойнаған. Әскери тұтқындар арасында 1912 жылғы Олимпиада ойындарының екі қатысушысы өнер көрсеткен. Бұл кездесулердің Қазан төңкерісіне дейін жыл сайын күз уақытында «Семей» жәрмеңкесі өтетін алаңқайда өткізіліп келгені туралы дерек бар.

Кейін Павлодарда «Ястреб» және «Звездочка» командалары пайда болды. Осыдан бастап аймақаралық жолдастық кездесулер өткізіле бастады. Бұл ортаазиялық және сібірлік футбол командаларының бір-бірінің қарымын тануға, өз қабілетін көрсетуге таптырмас мүмкіндік еді. Ал тұңғыш футбол алаңы елімізде 1921 жылы Жамбыл қаласында пайдалануға берілді.

Осыдан бір-екі жыл бұрын Юнус Нығматуллиннің Германияда тұратын ұрпақтары «Ярыштың» бүгінге дейін сақталған жалғыз төлтаңбасын Семейдегі татар мәдени орталығына сыйға тартты. Көңіл толқытарлық осы сәтте Рамиса есімді татар әжей «Бұл – қазақ футболының 100 жылдық мерейтойына жасаған сыйлығым» деді. Мәрттік қой!

Міне, содан бері Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына қызу дайындық басталып кетті.

Ағымдағы жылы 21-22 қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, ел Үкіметінің және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен мерейтой аясында ауқымды іс-шаралар өткізілмек. Бұл қазақ футболының ғасырлық мерейтойын атап өтудің бірінші кезеңі болмақ. Ал екінші кезең Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың қараша айында Астанада өтеді.

Өңірде жүзеге асып отырған ең үлкен жобалардың бірі – Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған 100 футбол алаңының құрылысы дер едік. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Әбіл Дөңбайдың айтуынша, өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы негізінде биыл облыс көлемінде 108 футбол алаңының құрылысын салу жоспарланған. Осы ретте облыстағы аудандар мен қалалардың әрқайсысына шағын және ірі футбол алаңдарын салу жүктелген болатын. Айта кетерлігі, аталған алаңдарға республикалық және облыстық бюджеттен ешқандай трансферт қарастырылмаған, мұның барлығы аудандық, қалалық бюджет есебінен және өңірдегі «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша жекелеген кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде 100 футбол алаңы пай­да­ла­нуға берілді. Мердігерлер қалған 8 алаң­ды жыл соңына дейін тапсыратын бола­ды. Атап айтқанда, Абай, Күршім, Көк­пекті, Бородулиха аудандары мен Риддер қаласында – 4 футбол алаңынан, Аягөз, Үржар, Шемонайха, Зайсан, Тарбағатай аудандарында – 5 футбол алаңынан, Бесқарағай, Зырян, Катонқарағай, Жарма аудандары мен Өскемен қаласында – 6 футбол алаңына

Соңғы жаңалықтар