• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев: Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік

401 рет
көрсетілді

Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік екенін айтты. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Құрметті достар! Мен үшін Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік әрі Мемлекет басшысының және сенатор-әріптестерімнің тарапынан көрсетілген зор сенім.

Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Ең бастысы, Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, Президентіміздің игі бастамаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Сондықтан заң шығару жұмысын сапалы ұйымдастыруға баса мән береміз. Осы жолда аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Ақ жарма тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет! Өздеріңізбен әрдайым ынтымақтаса жұмыс істеуге дайынмын» деп жазды ол.