Кеңесті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде қаралған мәселе «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы, ХХ сессия аясындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесі және оның жаңа міндеттері» деп аталды.
Күн тәртібі бойынша алғашқы сөзді Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин айтты. Ол өзінің сөзінде Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына жүктелетін міндеттер мен мемлекеттік этносаясатты ғылыми-сарапшылық сүйемелдеу жұмыстары айқындалғанын атап көрсетті.

Соның ішінде көптеген әлеуметтік факторлардың халықтың санасына жасайтын түрлі әсеріне тоқталды. Әсіресе, діни фактордың әсері туралы айта келіп: «Этносаралық және конфессияаралық қатынастар бір-бірімен тығыз байланысты ғана емес, сонымен қатар, діншілдіктің өсе түсуі этностар мен ішкі саяси ахуалға да қатты әсер ететінін естен шығармау керек», деді ол. М.Тәжиннің айтуынша, бұл істермен бізде тікелей ешкім де айналыспайды екен. Тек социологиялық зерттеулермен ғана шектеліп жүр екенбіз. Сондықтан этносаралық және дінаралық қатынастардың өзара қарым-қатынасын зерттеу, түсіну бүгінгі күні сарапшылық кеңесінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі, деді Мемлекеттік хатшы. Сонымен бірге, этностардың даму барысы туралы ғылыми әдебиеттердің тапшы екендігін де тілге тиек етті.
Мемлекеттік хатшының назар аударуды талап еткен бағыттарының бірі ішкі миграцияға қатысты болды. Ол қалаға көшіп келген ауыл тұрғындарының шаһар өміріне бейімделуін қадағалау да маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Көші-қон мәселесі, әсіресе, этностық мигранттардың болжалды стратегиясын бүгіннен қалмай түсінуіміз керек. Өйткені, ішкі көші-қон мәселесі этносаясатқа тікелей қатысты екенін ұмытпайық. Біз ғана емес, урбанизация кезеңін бастан кешіріп отырған барлық полиэтносты мемлекеттер ауыл тұрғындарын қала өміріне бейімдеу проблемасымен ұшырасқан және ұшырасып отыр. Сондықтан олардың тәжірибесін үйрену – біздің міндет. Сол елдердің көбі бұл үдерістен 70-90-жылдары өтіп кетті, ал біз әлі де бастан кешудеміз, деді М.Тәжин.
Мемлекеттік хатшының көңіл аударған мәселелерінің бірі қоғамның полиэтностығы болды. Бұл –мемлекеттік саясаттың аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын аймағына жататын мәселе, деді ол осы орайда. Полиэтностық – әлем мемлекеттерінің көбіне тән құбылыс. Әсіресе, Жапониядан басқа дамыған елдердің бәрінде солай. Осынау әлеуметтік феномен адамзат қарым-қатынасының барлық саласына бойлап енген. Сондықтан ішкі саясат оның маңызды фактор екенін естен шығармауы керек. Бұл – мемлекеттік саясаттың өткір мәселелерінің бірі.
Отырыс барысында мемлекеттік органдар мен ҚХА-ның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы, ҚХА-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы және ҚХА-ның ХХ сессиясының міндеттері аясындағы этносаясатты ғылыми-талдауды қамтамасыз ету; ұлттық тарихты зерттеу жөніндегі міндеттер; тіл саясаты және т.б. мәселелер талқыланды.
Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, Ғылыми-сарапшылық кеңестің және облыстардағы ғылыми-сарапшылық топтардың мүшелері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция мен БАҚ өкілдері қатысты.
Осы отырыстың жұмысы түстен кейін Л.Н.Гу