• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 05 Мамыр, 2020

Президент әл-Фараби мен Абай мерейтойлары қалай өтетінін баяндады

696 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби мен Абай мерейтойлары аясында жоспарланған көптеген іс-шаралардың қалай жүзеге асатынын «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтып берді.

«Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу арқылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенін көрсетеміз. Сондықтан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын. Абай өзінің «толық адам» тұжырымын мирас етсе, әл-Фараби «бақытқа жету жолындағы қайырымды қоғам» қағидасын өсиет етіп қалдырды. Ұлы ойшылдардың әділдік пен ізгілік жөніндегі ұстанымы баршаға белгілі. Менің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдамам осы қағидалармен үндеседі»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Ол қос дананың мерейтойын атап өтуде жоспарланған шаралардың әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда кеңінен насихатталатынын айтты.

«Мерейтойлар аясында мемлекеттік және өңірлік жоспарлар жасалды. Бүгінге дейін кейбір жобаларды жүзеге асырып үлгердік. Қазіргі ахуалға байланысты түрлі мерейтойлық шаралар онлайн форматында өткізілуде. Бұл жобалар әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда да кеңінен насихатталады»,- деді Қ.Тоқаев.