• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Президент 05 Мамыр, 2020

Адами капиталды одан әрі дамытамыз – Мемлекет басшысы

225 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады» атты сұхбатында айтты.

«Елімізді өркендету үшін ұлттық экономиканы әртараптандыру үдерісін жалғастыра береміз. Осы жолда шағын және орта бизнеске барынша жағдай жасаған абзал. Сонымен қатар адами капиталды одан әрі дамытамыз. Бұл бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін қажет. Осыған орай білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларын да түбегейлі жаңғырту міндеті алдымызда тұр», - деді Президент.