* Жылдың соңына дейін 484 млрд. теңгенің 112 жобасы тапсырылады.Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар бойынша комитет төрағасының орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, бұл 12 мың тұрақты жұмыс орнын қамтитын болады.
* Жылдың соңына дейін 484 млрд. теңгенің 112 жобасы тапсырылады.Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар бойынша комитет төрағасының орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, бұл 12 мың тұрақты жұмыс орнын қамтитын болады.
*Еңбек министрлігі 2014 жылы әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдарға 800 млн. теңге бөледі. Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова биыл бұл салаға 715 млн. теңгенің берілгенін де айтып өтті.
*Тамызда ірi және орта кәсiпорындар мен ұйымдарға 75,6 мың адам қабылданды. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, сондай-ақ, түрлі себептермен 82,6 мың адам жұмыстан кеткен.
*Екібастұзда балалар үйінде тәрбиеленген 47 бала баспанаға қол жеткізді. Осыған арналған жиында Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтуды басты міндет деп атап өтті.
*Шымкентте балалар жедел хирургиясы бөлімі ашылды. Ол 20 төсек-орындық балалар хирургиясы мен 5 орындық күндізгі стационар есебінен пайда болды.
*Атырауда Қашаған кен орнының газынан тәулігіне 4,5 мың тонна күкірт өндірілетін болады. «Норт Каспиан Оперейтинг Компании» компаниясының мамандары қоғамдық тыңдауда берген ақпаратына қарағанда, Қашаған мұнайы тазартудан өткізілетін «Болашақ» зауытында түйіршіктелген және қабыршақты күкірт шығаратын қондырғылар орнатады.
*Алматыда жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Онда қаламгердің шығармашылығы мен өмір жолы кеңінен сөз болды.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.