• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Саяси бағдарға салмақты көзқарас

403 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» астаналық филиалы «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның жаңа Саяси доктринасы мен жаңа міндеттерін талқылау жөнінде X кезектен тыс конференциясын өткізді. Бұл шара биылғы жылдың 18 қазанында болатын «Нұр Отан» партиясының XV кезектен тыс съезі шеңберінде өтті.

«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» астаналық филиалы «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» атты партияның жаңа Саяси доктринасы мен жаңа міндеттерін талқылау жөнінде X кезектен тыс конференциясын өткізді. Бұл шара биылғы жылдың 18 қазанында болатын «Нұр Отан» партиясының XV кезектен тыс съезі шеңберінде өтті.

Конференция аясында Мем­лекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен партияның жаңа Саяси доктринасын іске асыру аясындағы партия алдына қойылған міндеттері талқыланды.

Жиынға қатысушылар «Қазақ­стан-2030» Стратегиясын іске асыруда партия рөлін белгілеу жөніндегі «Нұр Отанның» бірінші доктринасы 2001 жылғы 20 сәуірде бекітілгенін, ал 2012 жылғы желтоқсан айында Елбасының еліміздің дамуының жаңа бағыттары мен бағдарлары айқындалған «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсынғанын атап­ өте келе, Доктринаның қабыл­дануымен еліміздің жаңа саяси бағытын іске асырудағы пар­тияның орны мен рөлі анық­талатынын жеткізді.

Мәселен, конференция аясында сөз алған «Бірлік» филиа­лы төрағасының орынбасары Әлия Қайшарова жаңа Стратегияға тоқтала келе, оны жүзеге асыру­дағы Доктринаның маңызы жөнінде айтып өтті. ««Нұр Отан» – бұл республиканың барлық өңірлерінде филиалдары бар, жалпыхалықтық партия. Біз ха­лықтың басым көпшілігінің қолдауына ие болып отырмыз. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің соңғы сайлауында бізге тұрғындардың 81 пайызы дауыс берді. Осы кезге дейін Қазақстанның бір де бір саяси партиясы елдің стратегиялық даму бағытына сәйкес келетін Доктрина ұсына алмады. «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа сая­си­ бағытын іске асыруда пар­тия­ның ұзақ мерзімді келешекке арналған партия қызметінің негізгі басымдықтары, базалық қағидалары, іргелі құндылықтары туралы нақты көрсетілген стратегиялық сипаттағы құжат қажет. Мұндай құжат бар. Бұл – «Нұр Отанның» жаңа Доктринасы. Ол дамудың жаңа көкжиектерін ашып, партияның идеялық-дүниетанымдық және құндылықты бағдарларының нұсқаларын анықтайды. Партияның Саяси доктринасының негізі – ел азаматтарының өмірін сапалық тұрғыдан жақсартуға ұмтылу», деді бұл орайда Ә. Қайшарова.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев: «Партияның ХIV съезінде сөйлей отырып, Елбасы «Партияның күші – оның қоғамды сынақтан алып өту арқылы тұрақтылық пен халықтың бірлігін нығайту қабілеттілігінде» екенін атап өткен болатын, шындығында тарихи қысқа уақыт ішінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Қазақстанның партиялық-саяси кеңістігінде биік қоғамдық бірлестікке айналғанына барлық қазақстандық қоғам куә болып отыр», дей келе, инновациялық даму, тұрмыс деңгейін арттыру, қоғамдағы тұрақтылық – партияның үш тұғырлық міндеті екенін айтты.

Бұл күнгі конференцияның соңында оның қатысушылары жаңа Саяси доктринаны мақұлдап, партияның «Бірлік» филиалы саяси кеңесінің, саяси кеңес бюросының, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің, ақпараттық-насихат тобы мен партиялық бақылау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізді.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар