Індетке шалдыққандардың үшеуі де 29 сәуірде Қостанайға оралған «Теңізшевройлдың» вахташы жұмысшылары. Бұған дейін мұнайшылардың ішінде алғаш індет жұқтырған науқаспен байланыста болған 18 адам карантиндік стационарға жабылған болатын.
Жедел ақпарат штабының хабарлауынша, бүгін кезекті талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткен 1972, 1974 және 1978 жылы туған 3 азамат облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу шаралары жүріп жатыр.
Бүгінге дейін облыста 53 адамнан COVID-19 анықталып, 7 адам емделді.
Қостанай облысы