• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Тіс дәрігерлер қайырымдылық шарасын өткізді

175 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының ұжымы қасиетті Рамазан айында көпбалалы отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер және аз қамтылған отбасыларға сый-сыяпат жасады.

Мекеме басшысы Қуат Машырықовтың бастамасымен қолға алынған шараға ұжым тікелей атсалысты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты – бақыт пен көңіл-күй сыйлау, қолдау көрсету. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.

Осылайша маңғыстаулық тіс дәрігерлері мұқтаж отбасыларға өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

 

Маңғыстау облысы