Соңғы жылдары Атырауда да егістік алқапты ұлғайтуға бет бұрылды. Былтыр 8 933 гектарға көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар егілген еді.
Ал, биыл егістік алқабын 9 222 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, көктемгі жер жырту жұмысы аяқталды. Енді егін егу алдындағы агротехникалық шаралар атқарылып жатыр.
–Қазір 8 300 гектардың жері жыртылып, 1286 га алқапқа тұқым себілді. Бұл жұмыс өңірдің климаттық ерекшелігіне орай 20 маусымға дейін жалғасады, -дейді ол.
Алайда, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов баса назар аударатын жайттарды атады. Әкімнің мәліметінше, Индер ауданында картоп дәнін егу баяу жүргізілуде. Мұнда суару-суландыру жүйесі іске қосылмаған. Ал, Құрманғазы ауданында мал азықтық дақылдар тұқымын егу барысы төмен. Сондай-ақ Алғабас-Жорық каналында жөндеу жұмысы аяқталмай отыр.