• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Ұрлықтың көлемі – 67 млн. теңге

250 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы №14 «Қонжық» балалар бақшасының есепшісі үстінен облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Мұның мәнісі мынада екен. Құқық қорғау қызметкерлері осы балалар бақшасын тексеру барысында ондағы 67 млн. теңгенің қолды болғанын анықтаған. Нақты айтқанда, ата-аналардың балалары үшін берген төлемақылары кіріске алынбаған және барлық топтың балалары мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты белгіленген мөлшерден қысқартып жұмсау арқылы тамақтандырылып келген.

Алайда, бүгінде балалар бақшасының меңгерушісі зейнетке шығып кетіпті. Ал есепші болса, бала күтіміне байланысты үйінде отыр екен. Дәл осыған ұқсас жағдай қаладағы №6 «Орман ертегісі» балалар бақшасында да орын алған.

Қазір осы келеңсіздіктерге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.

Соңғы жаңалықтар