• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Нұр-Сұлтан: Оң жағалауда бірнеше көшеде 25 мамырға дейін жол жабылды

141 рет
көрсетілді

Жүргізушілерге кептелісті болдырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен бірнеше көшеде жол желісін орташа жөндеу жоспарланған.

«Конституция көшесінде – Қарталы көшесінен І.Есенберлин көшесіне дейінгі аумақта; Ы.Дүкенұлы көшесінде – Бейбітшілік көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта; Московская көшесінде – Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейінгі аумақта; Таха Хусейн көшесінде – Ж.Тәшенов көшесінен Кравцова көшесіне дейінгі аумақта автокөлік қозғалысы ішінара жабылады», – делінген басқарма хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туындауына жол бермеу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.