• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2013

Уланған үш сарбаздың бірі қаза тапты

256 рет
көрсетілді

Оралдағы әскери бөлімде Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің 5517 әскери бөлімшесінің үш жауынгері газ­ға уланып қалды. Осының салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы «Уральс­кая неделя» апталығы хабарлады.

Басылым осы орайда әскери бөлім командирінің тәрбие және құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Қанат Біләловтің сөзінен дәйек келтіреді. Ал материалдық-техникалық қамтамасыз ету рота­сы­ның қатардағы жауынгерлері Нұр­сұл­тан Абдулла, Тілен Берин және келісімшартпен келген аға сержант Зал­мұ­ханов әскери бөлімдегі күзгі кезең­ге дайындыққа сай канализация­ны тазалау жөнінде бұйрық алады. Олар өздерімен бірге онда противогаз ала барған.

Соңынан олардың бәрі төмендегі газға қатты уланып қалған. Соның салдарынан қатардағы жауынгер Абдулла қаза табады. Қалған екеуі жансақтау бөліміне жеткізіледі.Қаза тапқан Абдулла әскерге 2012 жылдың желтоқсанында Қызылорда облысынан шақырылған екен. Қазір оның мәйітін туған жеріне жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. Ал тірі қалған жауын­герлердің туған-туыстары өтемақы алады.

Мәселенің анық-қанығы анықта­лып жатыр.

Мұрат АЙТҚОЖА.

Соңғы жаңалықтар