• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Мамыр, 2020

Атырау: Денсаулық сақтау басқармасына басшының міндетін атқарушы келді

783 рет
көрсетілді

Енді бұл лауазымды Нұрлыбек Қабдықапаров атқаратын болды. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен ол  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін  уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Нұрлыбек Рысқалиұлы –  Атырау облысының тумасы. Екі жоғары білімі бар. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығымен  бітірген. Сондай-ақ, Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын алған.

Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасының  №1 бөлімшесінде дәрігер-анестезиолог, реаниматолог болып бастаған. Кейін 1996 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі болған.

1996-1997 жылдары Атырау қалалық балалар жұқпалы аурулар (инфекциялық) ауруханасының дәрігер-анестезиолог, реаниматологы,  1997-2000 жылдары реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, 2000-2002 жылдары бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2002-2003 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 2003-2005 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы,  2005-2006 жылдары Атырау қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары Атырау облысы бойынша Денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары болып істеген. 

2007-2008 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық басқармасының директоры, 2008-2009 жылдары Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облыстық департаментінің директоры, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің директоры, 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, 2017-2019 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалының директоры лауазымдарын атқарған.

Былтырғы желтоқсаннан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры қызметін атқарып келді.