• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2020

Маңғыстау: Тұрмыс деңгейі және бағалар жайы айтылды

573 рет
көрсетілді

2019 жылғы IV тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 144342 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы IV тоқсанға қарағанда 2,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4% төмендеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.

Ал бағалар мәселесінде тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы наурыз айында 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 102,6% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 3,3%, азық-түлік емес тауарларына - 1,4%, ақылы қызметтер - 2,9%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың наурыз айында нан өнімдері мен жарма өнімдеріне - 1%, макарон өнімдеріне - 0,4%, ет пен құсқа - 0,9%, шұжықтар, еттен дайындалған өнімдерге - 0,8%, балық және теңіз өнімдеріне - 1,4%, сүт өнімдеріне - 0,7%, жеміс-жидектер мен көкөністерге - 5%, алкогольсіз сусындарға - 1,8%, алкогольді сусындар, темекі өнімдеріне - 0,3% қымбаттады.

Бағаның төмендеуі жұмыртқаға - 1,7%, құмшекерге - 0,9% белгіленді.

Киім мен аяққиімге - 0,9%, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техниканың бағасы - 1%-ға қымбаттады. Денсаулық сақтау қызметінің тарифы - 0,3%-ға, көлік қызметі - 20,1%-ға, демалыс және мәдениет - 0,4%-ға өсті. Ағымдағы жылдың наурыз айында Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 36150 теңгені құрады.