• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Мамыр, 2020

Қостанайда студент қыздан COVID-19 вирусы анықталды

255 рет
көрсетілді

Қостанай қаласында індет жұқтырған тағы бір науқас тіркелді. Өңірлік жедел ақпарат штабының хабарлауынша, Ресейде білім алып жатқан 17 Қазақстан азаматы таяуда елге оралған.

Бір автобусқа мінгесіп келгендіктен, студенттер індетке қарсы шара талаптарына сәйкес бірден Тобыл қаласындағы карантиндік стационарға жабылып, бәрінен коронавирус індетіне талдау алынған. 

«Талдау қорытындысы бойынша студенттердің ішіндегі 2001 жылы туған бойжеткеннен COVID-19 вирусы анықталды. Науқас Қостанай облыстық ауруханасының инфекциялық бөліміне ауыстырылды. Ол өзімен бірге келген жолаушылардан басқа ешкіммен жақын байланыста болмаған.  Қалған студенттер дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады өңірлік жедел ақпарат штабы.

Аймақта жалпы саны 54 адамнан COVID-19 вирусы анықталып, оның жетеуі емделіп шықты.

 

Қостанай облысы