• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері марапатталды

262 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен үлгілі қызметі, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтудағы ісіне адалдығы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасарлары Олжас Бектенов пен Шыңғыс Қабдулаға 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныптары берілді. Алик Шпекбаев Президенттің тапсырмасы бойынша Отан қорғаушылар мен Жеңіс күндерін мерекелеуге арналған салтанатты жиында оларға генерал погондарын табыстады.

Сондай-ақ Агенттік Төрағасы Мемлекет басшысының атынан қызметтік міндеттерін орындау барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Атап айтқанда, ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен Кадр жұмысы департаментінің басшысы М. Мұхамбетқазы, 2-ші департамент басшысының орынбасары Ж. Ғалымов, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Департаменттер басшыларының орынбасарлары Т. Башев пен Б. Ұзынжас марапатталды.

«Құрмет» орденімен Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Н. Жақсымбетов, «Ерлігі үшін» медалімен 5-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Бесжанов марапатталды.

Агенттік Төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі мен жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 108 қызметкерге ведомстволық наградалар және атақтар табысталды. Сонымен қатар ерекше қызметі үшін қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.