• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2013

Еуропа-2020 үміткерлері арасында Астана да бар

224 рет
көрсетілді

 

Еуропа Футбол одағы (УЕФА) құрлықтың 2020 жылғы чемпионатын өткізуге үміткер болып тіркелген 39 қаланың атын атады. Бұл туралы осы беделді халықаралық ұйымның сайтында ақпарат берілді.

2012 жылғы желтоқсан айында Лозаннада өткен кездесуде УЕФА президенті Мишель Платинидің төрағалығымен өткен атқару комитеті 2020 жылы бір немесе екі ел турнирі орнына «Еуропа – Еуропа үшін» деген жүйені енгізу жөнінде шешім қабылдады. 2013 жылғы қаңтарда УЕФА атқару комитеті құрлық чемпионатының финалдық бөлігін 13 қалада өткізуге ұйғарым жасады. Осыған байланысты үміткер қалалардан өтініштер қабылдана бастады. Өткен бейсенбі күні оның мерзімі де бітті.

Сонымен, алдын ала тізімге мына елдердің мынадай қалалары енгізілді:

Англия (Лондон), Әзербайжан (Баку), Армения (Ереван), Беларусь (Минск), Бельгия (Брюссель), Болгария (София), Македония (Скопье), Венгрия (Будапешт), Германия (Мюнхен), Грекия (Афина), Дания (Копенгаген), Израиль (Иерусалим), Ирландия (Дублин), Испания (Мадрид, Барселона, Бильбао, Валенсия), Италия (Рим, Милан), Қазақстан (Астана), Нидерланды (Амстердам), Польша (Варшава, Хожув), Португалия (Лиссабон, Порту), Ресей (Санкт-Петербург), Румыния (Бухарест), Сербия (Белград), Туркия (Ыстамбұл), Украина (Киев, Донецк), Уэльс (Кардифф), Финляндия (Хельсинки), Франция (Лион), Хорватия (Загреб), Чехия (Прага), Швейцария (Базель), Швеция (Сольна) және Шотландия (Глазго).

Еуропа Футбол одағының атқару комитеті 2014 жылы неігзігі үміткер санатындағы 25 қаланың тізімін бекітеді.

Руслан Игілік.

Соңғы жаңалықтар