Мамыр айының бірінші күні Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қайрақ» бақылау бекетінде Алматыдан Мәскеуге тауар алып бара жатқан жүк көлігінен тәркіленіп алынған миллионға жуық маска Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Қостанай облысы арқылы 11 500 медициналық масканы жасырын түрде заңсыз Ресейге алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталғанын жазған едік. Жүк жасырылған қорап сыртына «Халық тұтынатын тауарлар» деген белгі соғылған.
Қостанай облысы