6 мамыр түскі 14:00-дегі мәлімет бойынша вирус жұқтырған 1989 жылы туған ер азамат пен 2002 жылы туған азаматша жақын шет елден келген.
Атырау облысынан вахталық жұмыстан келген 1983, 1984, 1987 жылы туған ер азаматтар және Шымкент қаласында тұратын 1976 жылы туған азаматша өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Бүгіндн карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 222-ге жетті.
Шымкент