• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2020

Арқалықта 1000 отбасы әлеуметтік көмек алды

245 рет
көрсетілді

«Халық» қайырымдылық қоры Арқалық қаласында тұратын тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарға Күріш, ұн, макарон, жарма, өсімдік майы, шай, қант, қою сүт, түрлі тәтті тағамдар салынған  азық-түлік себеттерін таратты. Әр себеттің салмағы шамамен 60 келі тартады.

«Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Президенті жариялаған «Еріктілер жылы» аясында халықтың аз қамтылған топтарына жан-жақты көмектер көрсетіліп жатыр. Бүгін көрсетіліп жатқан көмек - соның бір айғағы. Жалпы көлемі 1200 тоннаға тең азық-түлік жиынтықтары еліміздің барлық аймағында таратылатын болады. Осылайша, ел кәсіпкерлері қиын сәтте көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, әлеуметтік жауапкершілігін танытып отыр. Бұл өсер елдің белгісі. Азаматтарға қала тұрғындарының атынан алғысымызды білдіреміз», - деді қала әкімінің орынбасары Түбекбай Әубәкіров.

Көп балалы аналар да демеушілерге шынайы алғыс арнады. Әлеуметтік себеттерді әр отбасына еріктілер жеткізіп береді.́

Қостанай облысы