Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны азаймай тұр. Бүгін жұқпалы індет жұқтырған тағы 13 адам анықталды.
Жаңадан анықталған науқастар Іле, Талғар, Кеген және Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары екен. Ал осы сәтке дейінгі дертке шалдыққандар саны 176 адамға жетіп, оның ішінде 40 науқас оңалғандар қатарына қосылған.
- Вирус жұқтыру дерегі Іле, Талғар, Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелді. Бүгін ауырған он адам бұған дейін коронавирус жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болған. Ал үш тұрғыннан скринингтік тексеру барысында инфекция анықталды. Науқастардың бәрі оқшауланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінң баспасөз қызметі.