«Biz birgemiz» акциясы аясында мұқтаж жандарға қайырым жасау ісі Алматы облысында толастаған жоқ. Кезекті игі шара Кербұлақ ауданында жалғасып, көмек қажет ететін 200 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды.
Қайырым акциясының өтуіне Nur Otan партиясы Алматы облысы, Кербұлақ аудандық филиалы мен аудан әкімдігі ұйытқы болды. Ал Сарыөзек ауылының қалталы азаматары жалпы саны 702 адамды ең қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.
- Қайырым жасау кезінде 5 тонна ұн, 2 тонна ет, 1000 литр сұйық май, 600 кг күріш және 400 кг макарон өнімдері тегін таратылды. Бұл іске аудан орталығындағы 25 кәсіпкер бір кісідей жұмылды. Олар жалпы құны 6 млн теңгеге жұмсады. Ал көмекке мұқтаж отбасылар мен қарт тұрғындарға азық-түлік жеткізу беруді «Jas Otan» жастар қанатының волонтерлері мойындарына алды. Мұндай игі іс ауданымызда жалғасын таба бермек, - дейді Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев.