Бүгін, Қарағанды облысында алты адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пациенттердің бәрі де Теміртау қаласының тұрғындары. Үшеуі 1984, 1986, 1997 жылдары туған ер адамдар. Біреуі 1993 жылғы әйел, қалғандары бес және екі жастағы балалар.
Бүгінге дейінгі мәліметтерге сай, Қарағанды облысында COVID-19 дертін жұқтырудың 175 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас көз жұмды және 82 пациент ауруханадан үй карантиніне шығарылды.