• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қыркүйек, 2013

Ангела Меркель басқаратын партия сайлауда жеңіске жетті

335 рет
көрсетілді

Германия федералдық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, Ангела Меркель басқаратын «Христиан демократиялық одағы» парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Сайлау қорытындысы бойынша, Ангела Меркель одағы 41,5 пайыз дауыс жинады. Бұл Батыс пен Шығыс Германия қосылғалы бері ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Партиялық тізім бойынша «Германия әлеуметтік демократиялық партиясы» 25,7, «солшылдар» 8,6, ал «жасылдар» 8,4 пайыз дауыс жинаған. Сондай-ақ, сайлауға қатысқан «Еркін демократиялық партиясы» 4,8 пайыз дауыс жинап, жаңа парламентке кіре алмай қалды. Себебі, Бундестаг құрамына кіру үшін сайлау қорытындысы бойынша, кем дегенде 5 пайыз дауыс жинау керек болатын. «Еркін демократиялық партиясы» 50 жылдан астам уақыт ішінде Бундестаг құрамына бірінші рет енбей қалып отыр.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар