• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Мамыр, 2020

Көкшетауда қарияларды азаптап өлтірген күдікті ұсталды

1086 рет
көрсетілді

Егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікті ұсталды деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Ол Щучинск қаласының 24 жасар тұрғыны болып шықты.

Асқан айуандықтан ажал құшқан 1937 жылы туған ер адам мен оның 73 жасар жарының мәйіттері Көкшетау қаласындағы көпқабатты үйлердің пәтерлерінің бірінде сәуірдің 30-ында табылған болатын.

Тәжірибелі қызметкерлерден құралған тергеу-жедел тобын Ақмола облыстық полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің өзі басқарды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде күдікті Көкшетау қаласында 3 мамыр күні қолға түсті. 29 сәуір күні түнде, Щучинск селосының 24 жасар тұрғынының облыс орталығындағы І.Есенберлин көшесінде орналасқан үйдің 1 қабатындағы пәтерге түскендігі анықталды.

Пәтер иелері қарақшының қылмысының үстінен түскен. Жасаған ұрлығының ізін жасыру үшін ол қарияларды өлтірген, онымен қоймай, жеке заттарын да жымқырып кеткен.  Күдіктіні қолға түсірген кезде одан заттық айғақтар да табылған. Қазіргі уақытта қос қарияны қинап өлтірген  қанды қол қарақшы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сот алдындағы тергеу амалдары жалғасуда.