• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Мамыр, 2020

ДДСҰ карантин шараларын азайтатын елдерге ескерту жасады

279 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантиндік шараларды әлсірететін елдерге ескерту жасай отырып, бірқатар талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Карантиннің қатаңдатылған режімін жеңілдету шараларының қауіпті екендігін ескерткен  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус мұндай елдердің саны көп болғандықтан, төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Біріншіден, жұқтыру жағдайларының санын азайту, әрбір жағдайды анықтау, оқшаулау, тестілеу, емдеу және әрбір байланысты қадағалауда денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндігін арттыру, жабық медициналық мекемелер мен қарттар үйлерінде жұқтыруға жол бермеу, жұмыс орындарында, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ қандай да бір мекемелерге келетіндерді қатаң бақылау.

Барлық ескертулермен өмірдің қалыпты режіміне көшкен азаматтар хабарлануы тиіс. Егер де денсаулық сақтау мекемелері таратқан талаптар орындалмайтын болса, онда вирус жұқтыру деңгейі қауіпті болып қала береді. Сондықтан карантин режімін өте сақ әрі кезең-rезеңмен жүзеге асыру қажет.