• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

237 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Құрметті достар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын.

Осыдан 28 жыл бұрын Елбасымыз Қарулы Күштерімізді құрып, егемен еліміздің берік қалқанын қалыптастырды. Сондықтан бұл мереке тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатып, ерлік пен елдікті дәріптейді.

Қазіргі таңда айбынды армиямыз еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығының басты кепілі саналады. Осы жолда сап түзеген сарбаздарымыз Отанға адал қызмет етудің озық үлгісін көрсетіп келеді. Біз батыр бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғай білген ұландарымызды әрдайым мақтан тұтамыз.

Бүгінгідей күрделі кезеңде де әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Мемлекет басшысы өз құттықтауында атап өткендей, олардың ерен еңбегі - шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі.

Қарулы Күштеріміздің әлеуеті арта берсін! Армиямыз айбынды, қорғанысымыз қуатты болып, Қазақ елі мәңгі жасасын!» деп жазды ол.