• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Атырау: Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізеді

373 рет
көрсетілді

Елдің елдігі де, ұлт болып ұйысуы да қиналған сәтте білінеді. Атыраулықтар  Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардан 150 тонна азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар жиналыпты. Бұл  гуманитарлық көмек арнайы бөлінген  6  жүк, 20 «Газель» көлігімен Мақтааралдағы ағайынға жеткізіледі. Қазір автокеруен  жолда кетіп барады.

«Екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіземіз. Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты 7 ауданның  жастары жинаған 15 миллион теңге Мақтаарал ауданының халқына беріледі.​ Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге өткереміз. Біз біргеміз» -дейді ұйымдастырушыладың бірі Нұрғиса Ізбасаров.​

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсету арнайы қор ашылды.

Соңғы жаңалықтар