Кеше Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан Түркістан облысына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді.
Мақтаарал ауданына Жаңаөзен қаласынан 7,5 тонна жүк тиеген 7 «Газель» көлігі жолға шықты. Жақын арада Ақтау қаласынан екінші гуманитарлық жүк жіберілетін болады.