• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Маңғыстау облысында соңғы 4 айда 70 өрт оқиғасы тіркелді

238 рет
көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мұханов Мұрат мәлім етті.

- Облыс аумағында 70 өрт тіркелді (2019 – 78), -10% азайды. Көрсетілген кезеңде қаза тапқандар тіркелген жоқ. Өрттерде 1 жарақат алған адам тіркелді (2019 – 2), -50% азайды. Улы газдан улану салдарынан 6 адам қаза тапты (2019 - 1 жағдай, 5 есеге артты), 2 адам жарақаттанды (2019 – 5, -60% азайды). Сондай-ақ бақылаудағы объектілерде өрттердің саны - 27% азайды.

Қазіргі кезеңде өрттерден материалдық шығын тіркелген жоқ, 100% азайды (2019 – 26 млн 300 мың теңге). 183 объекті тексерілді, оның ішінде 183 объекті жоғары тәуекелді дәрежедегі, болмашы тәуекелді дәрежедегі объектілер тексерілген жоқ, деді ол.

Айтуынша, халыққа өрт қауіпсіздігі қағидаларын үйрету мақсатында аула аралау және БАҚ-да сөз сөйлеу арқылы ерекше көңіл бөлінеді.

2020 жылы ӨҚ саласы бойынша БАҚ барлығы 528 сөз сөйленді, оның ішінде теледидарда – 30, баспа шығарылымдарында – 97, радио бойынша – 69, дауыс зорайтқыш байланысымен – 332 сөз сөйленді (+4% артты, 2019 – 504).

Тұрғылықты орыны бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізумен халықтың қозғалысы шектеулі топтарына назар аударылды (1 772 адамды қамтумен 294 рейд өткізілді).

4 айда тұрғын үй секторында 100 мыңнан жоғары (108 615) адам санын қамтумен 22 мыңнан астам (22 680) аула аралау жұмыстары өткізілді, және бұқаралық ақпарат құралдарын тартумен жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірге автокөлікте 50 рейд өткізілді.

Аула аралау барысында тұрғын үй секторында 2 мыңнан астам (2 606) өрт қауіпсіздігі бұзушылықтары анықталды.

2019 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда аула араулар саны 38% артты.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жалғасуда.