Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ (ZKMK) - НСВ 12.7 («УТЕС») ауыр пулеметін 40 жылдан астам уақыт бойы шығарып келе жатқан әлемдегі ірі қару өндірушілердің бірі.
Зауытта қорғаныс өнімдері, мұнай мен газ өндіруге, дайындауға және тасымалдауға арналған жабдықтар, металдың күрделі құрылымдары, энергетикалық және құрылыс жабдықтары және өзге де өнімдер шығарылады.
Кәсіпорынның жоғары технологиялық жабдықтары бар өндірісі, оның ішінде дәнекерлеу, метал майыстыру, кесу, өңдеу, құю, темір өңдеу, термиялық және гальваникалық жабдықтары көптеген инженерлік өнімдер өндіруге мүмкіндік береді. Жоғары білікті әрі тәжірибелі мамандары жабдықтар өндірісі бойынша көптеген күрделі міндеттерді шеше алады. Аккредиттелген тестілеу орталығы материалдар мен өнімдерді басқарудың барлық әдістерін жасауға қарқарлы.
Инженерлік жобалау орталығының негізгі қызмет бағыты - электрондық өнімдердің конструкторлық және технологиялық құжаттарын жасау және жобалау; жаңа технологиялар мен жабдықтар әзірлеу мен жобалауда инжинирингтік және кеңес беру қызметін көрсету.
Зауыттың негізгі өнімі - 40 жылдан бері шығарылып келе жатқан НСВ 12.7 пулеметі. «УТЕС» пулеметіне жауынгерлік тиімділікті, сенімділік пен техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуге бағытталған 5 мыңнан аса өзгертулер мен жетілдірулер енгізілді. Бұл сенімді, керемет ірі калибрлі қару жасауға мүмкіндік берді, 10 мың рет атқанда 1 рет қана сәтсіздік болуы ықтимал. Осыған байланысты барлық негізгі тактикалық және техникалық параметрлер бойынша ұқсас өнімдер арасында әлемде жетекші орын алады.
«УТЕС» ауған соғысынан бастап бүгінгі күнге дейін өзінің жоғары түсірілім және пайдалану қасиеттерін дәлелдеді. Ол -50-ден +50 градусқа дейінгі температурада, шаң мен ылғалда тұрақты жұмыс істейді. 600 метрге дейінгі қашықтықта БТР-БМП сияқты сауытты әскери техникаларды жарып, кірпіш пен бетоннан жасалған қорғаныс құралдарын қиратады. Жоғарғы жылдамдығының арқасында тікұшақтар мен басқа да төмен ұшатын нысандарды атып түсіре алады. Конструктивтік ерекшеліктері НСВ 12,7 пулеметін сенімділік, өмір сүру және техникалық қызмет көрсетудің қарапайымдылығы бойынша теңдесі жоқ қаруға айналдырды.
Құрлықта, теңізде және әуеде төмен ұшатын нысандарға, сондай-ақ от нүктелерін, танкіге қарсы құралдарды және топтық тірі нысанды 2000 м дейінгі қашықтықта зақымдауға арналған. Ол танктер, бронетранспортерлер, тікұшақтар, катерлер, автомобильдер және қосарланған зениттік қондырғылардағы жауынгерлік қондырғылар құрамында пайдаланылуы мүмкін. 2 мың метрге дейінгі қашықтықта жаумен атыс жүргізіп, "антиснайпер" ретінде қолдануға болады. Инновациялық шешімдердің арқасында пулеметтің қайтарымы 95-98% төмендеп, атыстың жоғары дәлдігі қамтамасыз етеді. Салмағы жеңіл, модульдік құрамымен, жылдам алынатын оқпанмен ерекшеленеді. Пулемет пен штативті машинаның модульдік дизайны оны қолжетімді жерлерде тасымалдауға мүмкіндік береді (үлкен бөлігінің салмағы - 16 кг). 40 жылдан бері әлемнің 38 елінің әскері пайдаланып келеді.