• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Мамыр, 2020

Халықаралық сарапшылар жеке тұлғаларға қолма-қол ақшаны сатып алу көлемін шектеуді ұсынады

515 рет
көрсетілді

Олардың пайымдауынша, бұл ЕО елдерінде сыннан өткен және нәтижесін берген үрдіс.

«Көлеңкелі транзакциялардың деңгейін төмендету үшін салықтарды есептеу және төлеу үшін ыңғайлы онлайн-сервис құру үшін ақпараттық шешімдерді қолдану, электронды ваучерлерді енгізу, сондай-ақ қолма-қол ақшамен жасалатын операциялар көлеміне лимит енгізу ұсынылады»  дейді сарапшылар.

Сарапшылар кассалық операцияларға ұқсас шектеу Еуропалық Одақтың көптеген елдерінде қолданылатынын еске салады.

2015 жылдан бастап Францияда тұрақты тұратын тұрғындар мен адамдарға 1 мың еуродан асатын ақшалай төлем жасауға тыйым салынады, бұл тыйымды бұзғаны үшін 3 мың еуро  айыппұл салынады.

Испанияда осындай шектеу - 2,5 мың еуро, Италияда - 3 мың еуро, ал Франция мен Испанияда шетелдіктер үшін шекті мөлшер әлдеқайда көп - осы елдердегі банкоматтардан бір реттік сатып алуға және алуға 15 АҚШ доллары ғана рұхсат етілген.

Сонымен қатар зерттеу авторлары Қазақстан билігі болашақта ұлттық сандық валютаның пилоттық жобасын жасап, іске қосады үміттеніп отыр. Олардың пікірінше, бұл жүйе тауарларды алып-сату операцияларының толық ашықтығын қамтамасыз етеді .