• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Теміртаудың алты тұрғынынан COVID-19 табылды

179 рет
көрсетілді

Бүгін, яғни 8 мамырда Қарағанды облысында алты адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Паценттердің барлығы Теміртау қаласының тұрғындары. Олардың екеуі 1957 және 1990 жылдары туған ер адамдар. Сондай-ақ, ауырған екі баланың бірі 12 жаста болса, екіншісі 4 жасқа толған. Жұқтырғандардың арасында 1960 жылы туған әйел мен жеті жастағы қыз бала да бар.

Бүгінге жеткен мәліметке сай, Қарағанды облысында COVID-19 дертін жұқтырудың 186 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш адам көз жұмды және 83 пациент пандемиядан сауығып шықты.