• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Мамыр, 2020

Әлемдегі ең кедей президент

3892 рет
көрсетілді

Әлемде мемлекет басқарған адамдардың арасында ең кедейі – Хосе Альберто Мухика Кордано (Jose Alberto Mujica Cordano) екен. Бұл кісі Уругвай елін 2010-2015 жылдары басқарған 40-шы президенті. Қазір жасы 80-ге аяқ басқан бұл кісі ел қатарлы қарапайым өмір сүреді.

Президент кезінде 12 500 доллар жалақы алғанымен оның 90 пайызын кедей-кепшікке таратып беріп, әйелі екеуі қалған 1250 долларға өмір сүретін болған.

Айтуына қарағанда, бұл адамда банкте сақтаған бір тиыны да жоқ. Жер бетінде ешкімге қарыз емес.

«Ең бақытты адам өзіне қажет дүниені сезініп, сол мөлшерде өмір сүре білген жан» дейді екен Хосе мырза.

Президенттің үйі

Президенттің көлігі