• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2020

Шығыс Қазақстан: Өскеменде соғыс ардагерін дрон арқылы құттықтады

171 рет
көрсетілді

9 мамыр мейрамымен құттықтаудың креативті әдісін тапты.

 Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері елімізде жарияланған орын Төтенше жағдай режиміне қарамастан соғыс ардагерлерін 9 мамыр мейрамымен құттықтаудың креативті әдісін тапты.

«Ардагердің үйінің алдында «Құттықтаймыз» деген сөзбен флеш-моб жасап, дрон арқылы ардагердің терезесіне гүл шоғын көтеріп, жеткізді.

Сонымен бірге полиция қызметкерлері дауыс ұлғайтқышпен ардагерді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді» деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 ӨСКЕМЕН