Қызылорда облысында кешегі Отан соғысының отты жолынан өткен 15 майдангер ғана қалды. Мереке қарсаңында ЗК-69/5 мекемесінің мамандары жаудан елді қорғаған қарт жауынгердің бірі Әбдірахман Бәйтіковтің шаңырағында болып, ардагерге сәлем беріп қайтты.
Бейбіт өмірді қорғаған қарт жауынгер Курск шайқасындағы сәттерден естелік айтты. Ел тыныштығы үшін жан қиған қаруластары жайлы әңгімеледі, қазіргі бейбіт өмірдің оңайлықпен орнамағанын жеткізді.
ҚАЖ қызметкерлері ардагерге ЗК-69/5 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Т.Қалымбетовтің алғыс хатын табыстап, сәлемін жеткізді. Қарт майдангер өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты.