Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар24» арнасына берген сұхбатында айтты.
«Кейбір шараларды жеңілдету карантиннің тоқтағанын білдірмейді. Карантин шаралары – ол өндірістік қызмет, қоғамдық көлік және басқалар бойынша тиісті шектеулердің топтасуы. Олар эпидемиялық тәуекелдермен байланысты. Осы жағдайда кейбір қалалар арасында әуе тасымалы тұрғысында шараларды жеңілдету қадамдары қабылданды», - деді Елжан Біртанов.