• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2020

Атырау: Мұнай бағасының әсері бар ма?

1777 рет
көрсетілді

Мұнай бағасының төмендеуі өңір бюджетіне түсетін кірістің  азаюына әсер етеді. Мамандардың сараптауынша,  Атырау облысының бюджетіне 59 миллиард теңге түспеуі мүмкін.

Дегенмен,  былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, жергілікті бюджетті 1 миллиард теңгеге ұлғайтудың мүмкіндігі бар. Өйткені,  Атырау облыстық кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлан Сағынаевтың мәлім етуінше, жыл басынан бері жергілікті бюджетке түскен түсімнің өсімі 33,4 млрд  теңгеге жетіпті. Ал, нақтысында   жергілікті бюджетке  134,8 млрд  теңге түсіпті.

– Биылғы  төрт айда ел  бюджетіне аударылған түсімдер 448 миллиард теңгені құрады. Бұл жыл басындағы  жоспарланғаннан 15,8 миллиард  теңге артық, -дейді Ерлан Сағынаев.

Соңғы жаңалықтар